• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Теннис 18 Маусым, 2023

Тегеранда топ жарды

205 рет
көрсетілді

Иранның астанасы – Тегеранда шымыл­­дығы түрілген ITF World Tennis Tour додасының жұптық сайысында жерлесіміз Григорий Ломакин мен ресейлік Егор Агафонов алдарына жан салмады.

Олар Артем Дорофеев (Франция)/Тушар Мадан (Үндістан), Александр Чепик/Денис Клок (Ресей), Шыңғыс Ақс/Гокберк Саритас (Түркия) және Яшем Чауразия/Ишак Экбалды (Үндістан) жолдарынан ығыстырып, бас жүлдені олжалады. Александр Недовесов Нидерландының Хертогенбос қаласында ұйымдастырылған АТР-250 турнирінің финалына дейін жетті. Эквадорлық Гонсало Эскобармен жұп құрған ол шешуші тұста Ұлыбритания өкілдері – Нил Скупски мен Ужс Клоховқа 6:7, 2:6 есебімен есе жіберді.

Қазақтың жас дарыны Бейбіт Жұқаев Пуэрто-Риконың Пальмес дель Мар қала­сын­да өткен «Челленджер» санатындағы тур­нирдің жартылай финалында сүрінді. Бұл межеде ол Майкл Чженге жол берді. 2 сағат 39 минутқа созылған сайыс 6:3, 3:6, 6:7 есебімен ақталды.