Көкшетауда ұлттық спорт түрлері – жамбы ату мен теңге ілуден жасөспірімдер, жастар, ересектер арасындағы ел чемпионатының жалауы желбіреді.
Жарыс қарсаңында Қазақстан жамбы ату федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті. Осы жиын барысында еліміздегі жамбы ату саласындағы мамандар мен спортшыларға 2023-2027 жылдарға арналған даму бағдарламасы таныстырылып, 2024 жылы өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына дайындық мәселесі пысықталды.
Федерация президенті Еркебұлан Ілиясов бапкерлер мен спортшыларды ынталандыру мақсатында аталған додада үздік өнер көрсеткен спортшыларға пәтер және бапкеріне қаржылай сыйлық берілетінін де айтты.