• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Жастар 19 Маусым, 2023

Жастарға арналған кәсіпкерлік дәріс

320 рет
көрсетілді

Облыстың қоғамдық даму басқармасы және «Тұрақты даму» қоғамдық жастар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ulytau go» жобасы аясында облыс жастары үшін үш күн бойы Ұлытау бау­райында жазғы лагерь ұйымдастырылды.

Облыс жастарының зама­науи құзыреттіліктері мен қабі­леттерін арттыру, олардың тұл­ғалық қалыптасуын шыңдау, еліміздегі жастар саясатын же­тіл­діру мәселелері мен мүм­кін­­діктерін талқылау, рес­пуб­­ли­калық, өңірлік бағдар­лама­лар­ды іске асыруға жастардың қ­атысу деңгейін өсіру, бір сөз­бен айтқанда, жастардың дүние­танымын кеңейтумен қатар саламатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен лагерь жұмысына Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, облыстық әкім­дік өкілдері, республикалық, об­лыс­тық деңгейдегі тренерлер, қоғамдық пікір көшбасшылары, әртүрлі деңгейдегі депутаттар, бизнес, БАҚ өкілдері қатысты.

Лагерьдің салтанатты ашы­луынан соң жастар «Жастар және кәсіпкерлік», «Бизнеске алғашқы қадам», «Жастарға арналған бизнес-идеялар» деген тақырып­тар бойынша пікір алмасты.

Ұлытауға келіп тұрып, Әулие­тауға көтерілмеуге бола ма? Жас­тар тау биігіне шығып, әсем таби­ғатты биіктен тамашалап, кеш­кілік алау жанында бас қосты. Әдемі әндер шырқалды, көңілді «Жайдарман» ойыны ойналды.

Лагерьдің соңғы күнінде Жо­шыхан кешені мен Домбауыл кесе­несіне экскурсия жасалды. Сондай-ақ қатысушылардың барлығына сертификаттар тапсырылды.

 

Ұлытау облысы