• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Маусым, 2023

Малайзияда 14 жүлде бұйырды

239 рет
көрсетілді

Малайзияның Нилай қаласында трек­тегі велоспорттан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарыста жер­лестеріміз 14 жүлде олжалады.

Ересектер арасындағы жарыста еліміздің ұлттық құрамасының мүшелері төрт ме­дальді иеленді. Еліміздің ең үздік вело­-

ша­­бан­­дозы Артем Захаров «омниумде» және Ра­мис Дінмұхамедов топтық сайыста кү­міске қол жеткізді. Құрамында Захаров пен Дін­мұхамедовтен бөлек, Әлішер Жұмақан мен Дмитрий Носков сынды сайыпқырандары бар отандастарымыз командалық бәсекеде екінші орынды еншіледі. 4 шақырымдық қашықтықты олар 4 сағат 04 секундта жүріп өтіп, еліміздің рекордын жаңартты. Ал «скретчте» сынға түскен Руслан Елубаев қола ме­дальді мойнына ілді.

Малайзияда жастар да өздерін жақсы қырынан көрсетті. Олар 6 күміс пен 4 қолаға иелік етті. Жекелеген сайыста Ризван Бейсен­баев, Вячеслав Сичкарев, Дария Қазақбай екінші орын алса, Вадим Белугин мен Ели­завета Склярова үшінші сатыға жайғасты. Өзге жүлделерді жерлестеріміз командалық бәсе­келерде жеңіп алды.