• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Пікір 20 Маусым, 2023

Орталық Азияға ортақ қасиет

260 рет
көрсетілді

Мен бұл форумда волонтерлік қозғалыстың аймақтық консолидациясы тақырыбында сөз сөйледім. Соның ішінде Орталық Азиядағы бес мемлекет еріктілерінің бірігуі туралы айттым.

Шын мәнінде бұл аймақтағы әрбір адам өмірге келгеннен волонтер болып тәрбиеленеді. Өйткені біздің дәстүріміз соны үйретеді. Жанымыздағы адамға қолұшын созу, оның қайғысы мен қуа­нышын бөлісу, қиын кезде жәрдемдесу – қанымызға сіңген қасиет. Сондықтан біз қазіргі алмағайып заманда тек көрші болып қана қоймай, сын сағатта бір-бірімізге көмекке келетін жанашыр дос болуды тереңдете беруіміз қажет.

Сол себепті, ғаламдық волонтерлер қозға­лы­сының бірігуі дегенде, біз ең алдымен осы Орта­­лық Азия еріктілерінің бірігуі үшін жұмыс істе­уіміз керек. Сол арқылы біз бір-біріміздің әлеуе­тімізді, достығымызды, тату көршілігімізді бұрын­ғыдан да нығайта береміз. Екі жыл бұрын біздің қауым­дастығымыз заңды түрде тір­кел­ді. Сол кезден бері біз Қазақстан, Тәжік­стан және Түрікменстан­мен достық қарым-қаты­настарымызды оң жолға қойдық. Бұл бағыт­тағы жұ­мыстарымыз одан әрі жалғасын таба береді.

 

Ширин АБДИОВА,

Өзбекстан волонтерлер

қауымдастығының басшысы