• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Маусым, 2023

Қазақстанда қос азаматтығы бар екі жүзден астам адам анықталды

275 рет
көрсетілді

Қазақастанда жыл басынан бері қос азаматтығы бар 233 адам анықталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК шекара қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz  Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері шетелдіктер (Индия, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей азаматтары) мен ҚР азаматтарының жасанды және өзге адамның құжаттарын пайдаланудың 150 фактісі әшкереленген.

«Қос азаматтығы бар 233 адам анықталды. Жалпы сомасы 2,5 млрд болатын 300-ден астам заңсыз валюта айналымының алды алынды»,  делінген ресми хабарламада.

ҚР ҰҚК бұған қоса қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өткізбек болған 153 әрекеттің жолы кесілгенін айтты.

«Бұл қылмыстар бойынша күдіктілер әрі қарай тексеру үшін ІІМ мен МКД аумақтық бөлімшелеріне тапсырылды», делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.

Одан бөлек, Қазақстанның көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.