Қарт құрлықта екі бірдей аса ірі халықаралық турнирдің тұсауы кесілді. Сол жарыстарда еліміздің теннисшілері де өз бақтарын сынап жатыр.
Германияның астанасында жүлде қоры 678 814 еуроны құраған дүбірлі доданың алғашқы айналымында әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина ресейлік Полина Кудерметовамен күш сынасты. 20 жастағы Полина үздіктер рейтингінде 139-орында тұр. Берлинде жаңбырдың толассыз жауғанының салдарынан бұл бәсеке біресе тоқтап, біресе қайта жалғасты. Ақыры 4 сағат 18 минутқа созылған тартыс 6:4, 6:2 есебімен жерлесіміздің пайдасына шешілді. Кеше кешкісін Рыбакина хорватиялық Донна Векичпен екінші кезеңде шеберлік байқасты.