Тбилиси әуежайында Үкімет басшысын Грузия Премьер-министрінің орынбасары – экономика министрі Леван Давиташвили мен Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мәлік Мырзалин қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Грузия астанасында Әлихан Смайылов ел Премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен келіссөз жүргізеді. Оның барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады.Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланған.