Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бублик Галле (Германия) ATP 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 21-ракеткасы, германиялық Ян-Леннард Штруфпен бақ сынасты.
Бірінші партияда А.Бублик 6:3 есебімен басымырақ болды.
Екіншісінде германиялық спортшы тай-брейкте есесін жібермеді - 7:6 (7:4).
Үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші шеберлікпен жеңіске жетті. Есеп - 6:3.
Екі сағат 14 минутқа созылған кездесуде Бублик 23 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Қарсыласы 14 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.
Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, италиялық Янник Синнермен таласады.
Ол екінші айналымда отандасы Лоренцо Сонегоны сүріндірді - 6:7 (4:7), 6:4, 6:4.