• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Маусым, 2023

Чемпионат жалғасып жатыр

224 рет
көрсетілді

Бұған дейін Талдықорғанда велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтіп жатқанын хабарлағанбыз. Кеше элиталық топтағы бәсекелер аяқталды.

Ересектердің сайысында 40 спортшы бақ сынады. Солардың арасынан Алексей Луценко озып шықты. Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы және жас­тар арасындағы әлем чемпионы деген атағы бар Солтүстік Қазақстан облысының өкілі 30 шақырымдық қашықтықты 34 минут 34 секундта жүріп өтті. Күміс медальді құрлықтың төрт дүркін чемпионы, Азиаданың жеңімпазы астаналық  Дмитрий Груздев иеленді. 37 жастағы ардагер велошабандоз басты қарсыласынан 1 минут 24 секунд қалып қойды. Қола жүлдені Антон Кузь­мин еншіледі. Оның көрсеткіші – 36 минут 9 секунд.

Әйелдердің бәсекесі Махаббат Үмітжано­ваның жеңісімен аяқталды. 25 шақырымдық қашықтықты 36 минут 3 секундта артқа тастаған Махаббат қатарынан екінші рет ел чемпионы атанды. Екінші және үшінші орындарды Виолетта Казакова (37 минут 11 секунд) мен Ақпейіл Өсім (37 минут 21 секунд) еншіледі.