• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Құқық 22 Маусым, 2023

Қылмысқа қарсы қуатты тұжырымдама

335 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігі­нің ұйымдастыруы­мен «Қо­ғамдық қауіпсіздікті қо­ғаммен серіктестікте қам­тамасыз ету: проблема­лар мен шешу жолдары» тақырыбында халық­ара­лық форум өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің бар­лық мемлекеттік және қоғам­дық институттарының, сондай-ақ ха­­лықаралық сарапшылардың қа­ты­суымен әзірленіп жатқан Қо­ғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серік­тестікте қамтамасыз ету тұ­жы­рымдамасы талқыланған жиынға Президент Әкімшілігінің қызметкерлері Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, мем­­лекеттік, жер­­гілікті атқарушы органдар, дип­­ло­­ма­тиялық мис­сиялар өкіл­дері, сарапшылар, сон­дай-ақ ғы­лыми қоғамдастық өкілдері қатысты.

Мемлекеттік органдардың, по­лиция мен қо­ғам­ның сындарлы ынтымақтастығы негізінде құқық бұзу­шылықтардың алдын алудың тиімді жүйе­сін құру тәсілдерін талқыға салған форум­ды Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ашып, Мемлекет басшысы сервистік модельге көшу бары­сында қылмысқа қарсы күрестің ғана емес, аза­мат­тардың қауіпсіздігін арт­ты­рудың да маңыздылығын атап өткенін айтты. Осы тап­сыр­маны іске асыру үшін ІІМ құқық бұзушылықтардың алдын алудың кешенді жү­йесін құрудың іргетасы болатын тұжы­рымдама жобасын әзірледі. Марат Ахметжанов құқық бұзу­шылықты болдырмау үшін негізгі бес қағиданы атады.

– Біріншісі – серіктестік және ортақ жауап­кершілік. Қазіргі заманғы қоғамдық қауіпсіздік­ке төнетін сын-қатерлерге тек бірге қарсы тұруға болады. Екін­­шісі – қылмысқа әкелетін се­беп­­тер мен жағдайларды жою. Орын алған жағдайларға жауап беру жалғыз modus operandi (әдет­тегі әре­кет тәсілі) болмауы ке­рек. Қылмыстың себеп­тері мен жағ­­дайларын анықтау және проб­лемалар­ды шешу үлкен бір­­лескен күш-жігерді қажет етеді. Үшіншісі – қылмыстық сот төрелігінің тиімділігі. Полиция, прокуратура және соттар жұмысындағы әділеттілік­ке баса назар аудару керек. Адам­дар бұл үдеріске сеніп, оны әділ деп санаса, олар құқық қор­ғау органдарының заң­дары мен шешімдерін сақтауға бейім. Төртінші – құқық бұзушылық құрбандарын кешенді қорғау. Бұл қылмыстардың зиянын азай­туға ықпал етеді және қайтадан құрбандыққа түсуден сақтайды. Бесіншісі – сараптау мен құзы­реттіліктің жаңа деңгейін жасауымыз қажет, – деді министр.

Жиында сөз алған Президент Әкімшілігі бас­шысының бірін­ші орынбасары Тимур Сүлей­ме­нов ІІМ тарапынан дайындал­ған тұжырым­даманың маңы­зын атап өтіп, оны жүзеге асыру тек полицияның ғана міндеті емес екенін жеткізді. «Бұл міндетті Ішкі істер министрлігі жеке-дара шеше алмайды. Оған қоғам болып жұмылу керек. Министр­лік осы бағыттағы жұмыстар­ды үйлес­тіруші ретінде қызмет етеді. Ал проблемаларды шешуге бар­лық мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам атсалысуы керек», деді ол.

Сондай-ақ форумда Бас прокурор Берік Асылов, Мәжіліс төр­ағасының орынбасары Дания Еспаева, АҚШ-тың Қазақстан Респуб­лика­сындағы елшісі Даниэл Розенблум да сөз алып, ой-пікірлерін ортаға салды. Айта кетейік, бұл форум еліміздегі АҚШ елшілігінің қолдауымен өт­кізілді. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов маңызды құ­жат­ты талқылауға арналған жиын­ның өтуіне атсалысқан елшілік ұжымына алғысын білдірді.

«Бүгін әңгіме арқауына айна­лып отырған тұжырымдама – өте маңызды бастама. Ол барлық мүдделі тараптардың өзара әріп­тестігі негізінде жүзеге аспақ. Полиция мен қоғам арасында­ғы тығыз байланыс, олардың өз­ара сенімділік танытуы тек Қазақстан үшін емес, АҚШ үшін де аса маңызды. Егер поли­ция халық алдында сенімін жо­ғалтса, бұл өз залалын тигізеді. Құқық қорғау органдары мен қоғам арасындағы сенімді ны­ғайту полицияның халықты қорғау тиімділігін арттырады», деді Даниэл Розенблум.

Форум аясында «Құқық бұзушылықтың алдын алу жө­ніндегі стратегиялық пайым», «Халық­аралық стандарттар жә­не үздік тәжі­рибелер» және тал­қылау сессиялары өтіп, Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха, Әкімшілік полиция комитеті, Кадр сая­саты де­партаментінің басшылары, сон­дай-ақ отандық және шетел­дік сарапшылар сөз сөйледі. Олар ведомствоаралық өзара іс-қи­мыл және әріптестік, полицияның жұ­мысын жетілдіру мәселелерін талқыға салды. Шетелдік сарапшылар қылмыстың алдын алу­дың әлемдік стандарттары, халық­пен әріптестіктің практика­лық тәсілдері, сондай-ақ тұрмыс­тық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен оларға көмек көр­се­тудің заманауи тәсілдері, тәуе­келдерді бағалау және басқару жүйесі туралы айтып берді. Тұ­жырымдаманы іске асыру құ­қық бұзу­шы­лықтардың алдын алу­дың тиімді жүйесін құруға және әділетті Қазақстанды тұ­рақты дамытатын берік іргетас қа­лыптастыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.