• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Президент 23 Маусым, 2023

Президент мемлекеттік қызметшілер мен тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтады

224 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызметші күніне және Полиция күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекеттік қызметшілерді және тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Сіздер ел игілігіне қызмет етудің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін», деп жазды Президент.