• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 25 Маусым, 2023

Өрт сөндірушілер Көлсай көлдеріндегі өртті жедел оқшаулады

195 рет
көрсетілді

Көлсай орманына жедел жеткен өрт сөндірушілер орманның төменгі бөлігі бықсып жанып жатқанын анықтады. ТЖ министрлігі мәліметінше, өрттің алдын ала себебі - найзағайдың түсуі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өртті сөндіруге барлығы ТЖ департаментінен, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен, орман шараушылығынан, «Жалаңаш» шекара бөлімінен, ЖАО өрт сөндіру бекеттерінен, Кеген ауданының әкімдігінен, аудандық полиция бөлімінен, медициналық қызметтен, ветеринарлық бөлімнен 128 адам, 23 бірлік техника жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі ақпаратына сәйкес жұмылдырылған күштер мен құралдардың арқасында Көлсай көлдерінде орын алған өрт  0,08 га алаңда  сағат 07.53-те оқшауланып, сағат 11.45-те жедел түрде сөндірілді.

Оқиға орнында қарауылдау үшін орман шаруашылығының 11 қызметкері қалды.

Өртті сөндіру жұмыстары аспалы орман бүріккіштерінің көмегімен жүргізілді. Сонымен қатар өрттің жиегі топырақпен жабылды.