Бүгін ақын, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақынның мерейтойына орай туған жерінде Мәжіліс төрағасының қатысуымен іс-шара өтті. Әрі Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жыл – Мағжан жылы деп жарияланды.
Сондай-ақ «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Мағжан Жұмабаев туралы «Мағжан. Мен жастарға сенемін!» тарихи драмасын түсірген болатын. Телехикаяны qazaqstan.tv сайты мен YouTube арнасынан көруге болады.