• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Алматы 25 Маусым, 2023

Тұрақтылық – өзекті мәселе

757 рет
көрсетілді

Алматыда Орталық Азия елдері мен Ресей Қауіпсіздік кеңестері хатшыла­рының бірінші кездесуі өтті. Жиында әлемдік қауіпсіздік мәселесінің маңыз­ды тетіктері сараланып, тараптар өз ойларын ортаға салды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев форумға қатысушыларға арнаған құт­тықтау бейне-үндеуінде қазір аймақ үшін тұрақтылықты сақтау және қауіпсіздікті нығайту аса маңызды міндет екенін атап өтті. Ол үшін ықтимал қауіпке дұрыс болжам жасау, алдын ала әрекет ету шаралары және жаңа әрі сапалы ортақ әдістерді жедел әзірлеу маңызды.

Басқосуда қазіргі халықаралық жағдайды және аймақтағы елдердің ұлттық мүдделерін ескере отырып, ын­тым­ақ­тастықтың нақты салаларын да­мы­ту қарастырылды. Президент көмек­шісі, Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі­нің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов ынтымақ­тастықтың басым бағыттарын, оның ішінде Ауғанстандағы жағдайды тұрақ­тан­дыруға, көлік және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірлесіп әрекет етуді ұсынды. Климаттың өзгеруі жағдайында ортақ экожүйені сақтау үшін су қауіпсіздігі мәселесі ерекше назар аударуды қажет ететін тақырып ретінде талқыланды.

Сонымен қатар Ғизат Нұрдәулетов пен Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хат­шысы Николай Патрушевтің төр­ағалығымен екіжақты кездесуде тараптар Орталық Азиядағы терроризм мен діни экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша ынтымақтастықты талқылап, қазіргі геосаяси жағдайға баға берді. Оған тиісті мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері қа­тысты.

Жиын қорытындысына сәйкес Орталық Азия мемлекеттері арасындағы дип­ло­ма­тиялық қарым-қатынастар ны­ғайып, қауіпсіздік саласындағы ынтымақ­тастық­ты дамыту жандана беретіні айтылды.

 

АЛМАТЫ