• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Маусым, 2023

Елордада өтетін Азия чемпионаты кейінге шегерілді

217 рет
көрсетілді

Астанада өтеді деп жоспарланған бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты кейінге қалдырылды. Бұл туралы Азия бокс конфедерациясының (ASBC) баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

2023 жылғы жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты 14-30 шілде аралығында Астанада өтуі тиіс болған.

Чемпионаттың жастар бөлімінде 2005 және 2006 жылы туған боксшылар, ал жасөспірімдер санатында 2007 және 2008 жылы туған спортшылар бақ сынайды деп жоспарланған еді. 

Кеше байрақты доданың кейінге шегерілгені белгілі болды. Алайда конфедерация Құрлық біріншілігі неге кейінге қалғанын түсіндірген жоқ.