• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 26 Маусым, 2023

Ертең ауа райы қандай болады?

348 рет
көрсетілді

Синоптиктер 27 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәліметке сәйкес, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады.

«Қазақстанның солтүстігінде, түнде және таңертең солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек республиканың батысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», деп хабарлады синоптиктер.

Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта бұршақ жауады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауады, күн күркіреп, күндіз бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +15+17°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +30+32°С.

Шымкентте де көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +33+35°С.