Алматы облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, жолдың шетіне шығап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жол апаты орнында түсірілген бейнеролик әлеуметтік желіде тарап жүр. Оқиға Құлжа трактінде болған.
Облыстық Полиция департаментінің өкілдері жол апатынан ешкім зардап шекпегенін хабарлады.
«Жол-көлік оқиғасы 26 маусымда «Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолының 24-шақырымында болған. 54 жастағы жүргізуші көлік тізгінін басқара алмай, кюветке шығып кеткен. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ«, делінген ресми хабарламада.