• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Дін 27 Маусым, 2023

Қарыз алып құрбандық шалса бола ма?

2132 рет
көрсетілді

Құрбан шалу діндегі маңызды құлшылықтардың бірі. Қасиетті Құранның «Кәусар» сүресінде «Тек Раббыңның разылығы үшін намаз оқып, құрбан шал» делінген. Ал Қарыз алып құрбандық шалуға бола ма?

Жауап: Егер бір адамға құрбандық шалу уәжіп болса, алайда қасында ақшасы болмаса, қарыз алуы міндетті. Ал егер оған құрбандық шалу уәжіп болмаса, өзі мұқтаж адам болса, оған құрбандық шалу үшін қарыз алу дұрыс емес. Өйткені Алла Тағала пенделеріне шамасы келмейтін нәрсені жүктемейді. Ол туралы Алла Тағала Құранда былай дейді: «Алла ешбір жанға күші жететінінен басқаны жүктемейді».

«Құрбандық пәтуалары» кітабынан