• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Ауа райы 28 Маусым, 2023

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

338 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК маусымның 28-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонның және атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады. Соның салдарынан жаңбыр жауып, елдің батысында, шығысында найзағай ойнайды.

Тек республиканың оңтүстік-батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта бұршақ жауады, дауыл тұрып, солтүстікте тұман түседі.

Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі жалғасады.