Ақмола облысы аумағындағы Қызылұйым ауылы маңындағы қорғанды қазу кезінде адам сүйегі табылды. Мамандардың болжамынша, ол қола дәуірінде өмір сүрген болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орталық мамандарының мәліметіне сүйенсек, адам сүйегі оң жағымен, басын солтүстік-батысқа қарай қаратып, қол-аяғы бүгілген күйде орналасқан.
«Нашар сақталған остеологиялық қалдықтар табылды, оның ішінде бас сүйектің бөліктері, білек сүйектері, аяқтың тірсек сүйектері, аздап жамбас сүйектері жарым-жартылай сақталған», делінген Ақмола облысы мәдениет басқармасының Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы таратқан хабарламада.
Сүйек қалдықтарының мойын бөлігінде 20-дан астам пасталы моншақтары (алқа) табылды.