Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде үшінші ракетка болып тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлемдік рейтингте үшінші сатыда тұрған еліміздің мақтанышы Елена Рыбакина өткен жылғы чемпиондық атағын қорғайды.
Қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатқан Уимблдон жарысында Польша өкілі Ига Швентек – бірінші, Беларусь өкілі Арина Соболенко екінші ракетка болып тіркелген. Олар тек финалға шыққанда ғана бір-бірімен бақ сынаса алады.
«Үлкен дулыға» додасының өткен жылғы финалисі, тунистік Онс Жабер алтыншы ракетка ретінде сынға түседі.
Айта кетейік Қазақстанның ерлер арасында – бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Уимблдонда алғаш рет таңдаулылар қатарында бақ сынайды. Жуырда Галледегі ірі жарыста тамаша өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған А.Бублик жарысқа 24-ракетка болып қосылмақ.