Бүгін футболдан Қазақстан кубогі жартылай финалының алғашқы ойынында «Астана» елордада «Ордабасыдан» басым түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ойын барысында командалар тартысты ойын өткізді. Бірінші кезеңде есеп ашылмады.
Ойын тағдырын шешкен голды 73-минутта «Астана» сапынан И.Иванович соқты.
Енді жарыстың аталған сатысында 21:00-де «Тобыл» мен «Атырау» командалары кездеседі.
Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Астана» қызылордалық «Қайсар», түркістандық «Тұран» командаларын орта жолда қалдырса, «Ордабасы» Түркістан облысының «Мақтааралы» мен Петропавлдың «Қызылжарын» жеңді.