• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Заң 29 Маусым, 2023

«Онлайн-платформалар және онлайн жарнамалар туралы» заң жобасы қабылданды

561 рет
көрсетілді

Бүгін Сенат депутаттары «Онлайн-платформалар және онлайн жарнамалар туралы» заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заң Сенат отырысында қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң қолданыстағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге және жекелеген заңнамалық актілерді негізгі «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес келтіруге бағытталған.

Осы орайда Ақпарат және қоғамдық даму министрі қабылданған заң жобасына қатысты пікір білдірді. - «Онлайн-платформалар және онлайн жарнамалар туралы» заң Орталық Азияда алғаш рет қабылданып отыр. Жалпы, бұл заң жобасы бірінші кезекте азаматтардың құқығын қорғауға, онлайн-ортаны қауіпсіз және ашық түрде дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда барлық онлайн платформалар интерфейсті қазақ тілінде пайдалануға мүмкіндік бермейді. Заң жобасы аясындағы басты мәселе – мемлекеттік тілдегі онлайн-платформалар интерфейсін дамыту. Жарнамалық мазмұнды орналастыратын пайдаланушылардың жарнаманы таңбалау (арнайы белгі қою) қажеттілігіне ерекше мән беріледі, - деп жазды Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желі парақшасында.