• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Маусым, 2023

Павлодар тұрғындары: күн ыстықта су таппай, қа­та­лап отырмыз

451 рет
көрсетілді

Еліміздегі елді мекендер сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етілмеген. Чернорецк ауылының тұрғындары да таза ауыз суға қолы жетпей отыр. Бұл туралы «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Мұрат Қапанұлы мәселе көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тілші «Ертістен су тасып ішуге мәжбүр» мақаласында тұрғындардың мұңын жеткізген. 

«Күн ыстықта су таппай, қа­та­лап отырмыз. Бірінші мұ­на­раға жи­на­латын су тұтас ауыл­ға жет­пейді. Ал екінші мұна­раны осы ай­дың соңынан бас­тап жөндей бастаймыз, – дейді әкім­діктегілер. Былтыр да осын­дай жағдай орын алып, құ­дық­­­тардың бетіне су шығып кет­ті. Жапқыштарын ауыс­тырған соң, мәселе реттелген­дей көрін­ген. Әрі үйімізге келіп тұрған су ауыз суға жарамсыз, тек үй шаруа­­шылығына, бау-бақшаға пайда­ланамыз. Енді сол судың өзі де жоқ. Соңғы рет болған апат­тық жағдайдан кейін барлығы тоқ­тап қалды. Адамдар бау-бақ­ша егуден қорқып қалған. Себебі оны суаратын су жоқ. Тұрғылықты халықтың 90 пайызы суды Ертіс өзенінен ше­лектеп тасып, қай­на­тып ішуге мәж­бүрміз», дейді жер­гі­лікті тұр­ғын­ Анастасия Ращупкина.