• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Маусым, 2023

LRT құрылысына тағы 500 млрлд теңге бөлінді

223 рет
көрсетілді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысының жобасын таныстырып, оның іске қосылуына тағы екі жыл керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әкімнің айтуынша, былтыр шешім қабылданып, биыл LRT құрылысын жалғастыру мақсатында тағы 500 млрд теңге бөлінді. Осы күнге дейін $600 млн жаратылды. Құрылысты толық аяқтап, бірінші желіні қосу үшін әлі 2 жыл уақыт қажет.

Жоспар бойынша, бірінші кезекте 8 станция қосылып, 5 пойыз пайдалануға беріледі. Мұның барлығына жоғарыда айтылған 500 млрд теңге керек, оның жартысы жаратылып қойған.

«Жобаны іске асыру бойынша әртүрлі пікірлер мен көзқарастар бар. Ғылыми тұрғыдан алғанда, халқы 2 миллион немесе 1,5 миллионнан асатын қалада желілік қоғамдық көлік болуы керек. Ол жерасты немесе жерүсті көлігі болсын. Сондықтан менің жеке пікірім, болашақта мегаполисте мұндай көлік болуға тиіс. Ал біз 2030 жылға қарай елорда халқы 2 миллионға жетеді деп болжап отырмыз», деді Жеңіс Қасымбек БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.