• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Шілде, 2023

Өскеменде дәмхана өртенді

335 рет
көрсетілді

Бүгін таңғы сағат 05:23-те қаладағы дәмханалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Барлығы 55 адам эвакуацияланды, олардың ішінде 10 бала болған. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ», делінген хабрламада. 

Өрт сөндірушілер өртке оранған дәмхананы сөндіріп, 06:19-да 120 шаршы метр алаңда өртті сөндірді.

ШҚО ТЖД барлық дәмхана үй-жайлары автоматты хабарлау жүйелерімен жабдықталуы тиіс екенін еске салды.