Орманшылардың, өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен әрекеті арқасында таулы жердегі өрт ауыздықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өрт толығымен сөнуі үшін орманшылар мен өрт сөндірушілерден 24 адам мен 4 бірлік техника оқиға орнында қалады», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетсек, өрт 11:30-да оқшауланды.