Жетісу облысының Ақсу ауданында балабақша бухгалтері өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеп келген. Осылайша ол 40 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Жымқыру фактісі штат кестесі мен банктік шоттарды салыстыру кезінде анықталды. Онда тиісті жалақы мен нақты төленген қаражат арасындағы айырмашылықтар байқалған.
Осы факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Істі Жетісу облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тексеріп жатыр. Осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.