Әлеуметтік желіде мәйітті тапқан балықшы жариялаған видео тарады. Видео авторының айтуынша, ол таңертең арнаға балық аулауға барған. Ол әуелі қыздың киімін байқаған, кейін су түбінде жатқан мәйітті көріп, оны видеоға түсіріп алған.
Полиция видеоға қатысты түсініктеме берді.
«2 шілде күні сағат 08:00 шамасында 102 кезекші пультіне Ақтау қаласындағы көпірден алыс емес жерде су жинайтын каналдың түбінде адам мәйіті жатқаны туралы мәлімет келіп түсті», делінген хабарламада.
Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді.
Марқұм Валерия Шальнованың туыстары қызды біреу өлтіріп, суға өзі батып кеткендей етіп көрсетпекші болғанын алға тартты. Қылмыстың себебі қызғаныш болуы мүмкін. Қыздың жігіті оған жиі қол жұмсағаны белгілі болды.