Мәжіліс депутаттары Бауыржан Смағұлов пен Арман Қалықов Балқаш қаласына барып, «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-ны аралады. Онда алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек ұжымымен кездесуде Арман Қалықов жабдықты жаңарту мәселесін көтерді.
«Өздеріңіз білетіндей, қыста болған төтенше жағдай Екібастұзда жылу желілерінің, оның ішінде жылу электр орталықтарының жабдықтарының тозғанын көрсетті. Бүгінде еліміздің барлық Жылу электр орталықтарының ескірген жабдықтарын жаңарту қажет. Меншік иелері үшін бұл бағыттағы жұмысты жандандыруы маңызды», деді депутат.
Кездесу барысында ұжым қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарды алға тартып, нақты жауап алды.
Одан әрі депутаттар Балқаш мыс балқыту зауытының тыныс-тіршілігімен, қаланы абаттандыру барысымен танысып, азаматтардың өтініші бойынша қоғамдық қабылдау өткізеді.