Франция тас жолдарында өтіп жатқан «Тур де Франс» Гранд-турының үшінші кезеңінде «Астана» командасының британиялық велошабандозы Марк Кавендиш мәре сызығын алтыншы болып кесті.
Аморебьета мен Байонна қалаларын жалғаған 185 шақырым жолды Кавендиш 4 сағат 43 минут 15 секунд ішінде жүріп өтті. Ал үшінші кезеңде 25 жастағы бельгиялық Джаспер Филиппсен («Alpecin-Deceuninck») топ жарды. Екінші және үшінші орындарды германиялық Фил Баухауз («Bahrain Victorious») бен аустралиялық Калеб Эван («Lotto–Dstny») өзара бөлісті.
Үшінші кезеңнен кейін де жалпы есептегі үздік үштік өзгеріссіз қалды. Әдеттегідей британиялық велошабандоз Адам Йейтс («UAE Emirates») көш бастап келеді.