• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Шілде, 2023

Жолдың «жыры» немесе пеноплекс көпір

308 рет
көрсетілді

Жаза-жаза жауыр еттік бұл тақырыпты. Жазбасқа тағы болмайды. Шығыс Қазақстанда жібі түзу жол қалмады. Омбы – Майқапшағай, Өскемен – Талдықорған, Өскемен – Алтай бағыттарындағы жол құрылыстарының қашан басталғаны есте жоқ, тіпті. Әйтеуір, әне-міне аяқталады дегенді жылда естиміз. Өз өтірігімізге өзіміз сеніп, әлі жүрміз.

Шынтуайтында, шырайлы­ Шы­ғыс­тағы жолдардың құрылысы ырың-жырың. Сөйте тұра туризм деп көпіреміз. Батыс Алтайға, Рид­дерге барып көріңіз, жабыны жамау-жамау, ойдым-ойдым. Семей екі ортадағы жолдың да асфальты әбден тозды. Облыстағы басшылар «жаңартылады» деседі, кім білсін?! Құрылысы аяқталмай жат­қан жолдарға қарап, жаңа жоба ойдағыдай жүзеге аса қояды деген­ге сену қиын. Ел күмәнмен, күдік­пен, сенімсіздікпен қарайды қазір.

– Жыл сайын көліктің са­лы­ғын төле­й­міз. Ал жүретін жо­лымыз шұрық-тесік. Жол­шы­лар шәу­гіммен жүріп, ала жаздай жама­ған болады. Онысы көктемде қай­та ойы­лады. Алтай – Өскемен ара­­сындағы терең сай асуы­нан төте жол салынып жатыр­ деп жүр едік, құрылысы тоқ­тады да қал­ды. Зайсан, Тар­ба­ға­тай­ жаққа тіп­тен жүргіміз кел­мейді. Жол жоқ. Тура ма­ғынада жол жоқ. Соны­ үкімет­те­гілер біле ме екен? дей­ді так­си жүргізушісі Азамат Төле­­­місов.

«Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рах­ман қай­­­нары» автомобиль жолы­ның 56-88 шақырымын қай­та жаңарту кезін­­де мәселе туындағанын «Қаз­АвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚО филиа­­лының басшысы Олжас Ахме­­тов те айтып отыр. Яғни салы­­нып жатқан төте жол мем­лекеттік орман қоры учас­ке­сіне кіріп кететін болған. Сон­да қыруар қаржы жұм­­сап, жобалық-сметалық құжат жасап жатқан кезде орман қо­рын­ басып өтерін білмеген бе? Біл­се неге құрылыс бас­талмас бұ­рын­ іс-қағаздарын реттестіріп алма­ған?

– Қайта жаңарту жұ­мыс­тары 2017 жылы бас­тал­ды. Жалпы ұзын­дығы 27,7 шақырым. Алайда мем­ле­кет­тік­ орман қоры жерлерін көлік жер­леріне рәсімдеу мерзімі ұзақ­­қа созылып, мемлекеттік ор­ман қоры учаскелерінде жұ­мыс жүр­гізу мүмкін болма­ды. Соны­мен қатар жол-құ­рылыс мате­риалдары қым­бат­тады. Осы себеп­­терге байла­ныс­ты 2019 жы­лы мердігер ұйы­мымен шарт екі­ жақ­ты­ бұзылды, – дейді «Қаз­­­Авто­­Жол» ҰК» АҚ ШҚО филиа­­­­лы­­ның басшысы Олжас Ахметов.

Айтуынша, мемлекеттік орман қоры жерлерін ауыс­тыру рәсім­дері 2020 жылы аяқталып, мем­лекеттік жер актілері алын­ған. 2020 жылы қайта жаңарту жұмыс­та­рын қолға алып, мердігерді анық­тау бойынша екі рет конкурс өткізілді. Мердігерлер жо­ба­ның ескіргеніне және құ­ры­­лыс-жөндеу жұмыстары құны­ның 2015-2016 жылмен салыс­ты­р­ғанда қым­бат­тауына байла­ныс­ты қа­тыс­пады. Бұдан кейін Рес­публикалық бюджет комис­сиясы жобалық-сметалық құжат­та­маны түзе­туді мақұл­дады. Жоба ведомстводан тыс сараптама­дан да өтті. Қазіргі уақытта «Өске­мен – Алтай» бағытындағы 56-72 шақырымының бірінші учас­ке­сі­ бойынша мердігерлік ұйым анық­талды. Бірақ нысанды қаржы­ландыру мәсе­ле­сі әлі ше­шіл­ген жоқ. Атал­ған жолдың екінші 72-88 шақы­рымын қай­та­ жаңарту учас­ке­сі бойынша жоба­лық-сметалық құжат­та­рын түзету жұмысы жүріп жа­тыр. Биыл қаржыландыру мәсе­­лесі шешімін тапса, құры­лыс­ жұмыс­тары 2025 жылы то­лық аяқта­лады.

Филиал басшысының сөзі­не­ қарасақ, бұл жолдың әлі ауы мен­ бауы көп секілді. Оған дейін ескі сүрлеумен жүре тұруымызға тура­ келеді.

Ал «Омбы – Майқапшағай»  жолы­ның құрылысы келер жылдары аяқталып, ха­лық игілігіне толы­ғымен бе­ріл­мек. Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қалбатау – Майқапшағай» автомобиль жолын қайта жаңарту 231 шақырымын қамтиды екен. Оның 163 шақырымында асфальт бетонды жол жа­мыл­ғысы төселіпті. Яғни жалпы жобадағы жолдың 70 пайы­зы аяқталды деген сөз.

– Барлығы жоба бойынша 23 көпірдің 10-ы (45%) салынды, 9-ында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жобада қарас­ты­рылған барлығы 227 су өткізгіш құбырдың 221 данасында құры­лыс аяқталды. Барлық бес учас­ке­де құрылыс жұ­мыстары жү­ріп жатыр. Жол-құрылыс мате­риал­­дары жоспарға сай дайын. Иә, 2020-2021 жылдары­ көп­­теген қиындық бол­ды. Атап айтсақ, әлемдік эпиде­миялық жағдайға байланыс­ты басқа мемлекеттерден, облыс аймақтарынан жұ­мысшы күшін, техникаларды құрылыс орындарына жеткізіле алма­дық. Нарықтағы құрылыс мате­риалдары бағасының шамадан тыс көте­рілуі мердігер ұйым­дардың қара­жат­ тапшы­лы­ғына алып кел­ді­. Сон­дық­тан жобаның смета­лық­ бөлі­­гі­не­ қазіргі уақыт­­та­ түзе­ту­лер жүр­­­гізіліп жа­тыр.­ Құры­лыс­ учас­­ке­лері кезең-кезеңі­мен 2023-2024 жыл­дары аяқ­талады, – деп сендірді Олжас Ахметов.

Айтқандай, «Зайсан ауда­ны­ тұрғындары Қалбатау – Май­қап­шағай» тас жолында са­лы­нып жатқан көпірлердің са­па­­сыз­ды­ғын тілге тиек еткен. Дә­лі­рек айтсақ, көпір құры­лы­сы­на пеноплекс пайдаланған, бұран­да­лары босап кеткен, тағысын та­ғы.

«Аптадан аса жабылған «Омбы – Майқапшағай» тас жолының Зайсан ауданынан шыға беріс екі көпірдің үстіндегі ақауды жөндеп жатқан екі жұмысшыға бардым. Сұмдық, көпірдің қос­па­сының арасына пеноплекс салған. Кендірлік өзенінің үстіне сал­ған жаңа көпірдің жағдайы да осы. Пеноплекс салған қоспаның барлығы жарылған, жақтаулары өте әлсіз. Үш миллиметр темір­ге бекіте салған. Көпірдегі қауіп­сіз­дікті сақтамақ түгілі, жыл өтпей стратегиялық маңызы бар жол қопарылып, қирап жатыр. Жаға­сына орнатқан темірлердің бәрін­де бір бұранданы салмай үнем жасаған сыңайлы. Жалпы, көпір құрылысында пеноплекс қол­да­ны­ла ма екен? Көз бар жерде осы­лай жасалса, ұзын жолдың бойын­дағы көпірлердің жағдайы не болды? Қысқасы, бақылау жоқ. Тапсырыс беру­ші­ «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бақы­­лауы қайда? Қытай­дың «Синьсин» компания­сы сал­ған бар­лық көпірін шұғыл тек­серу қажет», деп­ жазған Зай­сан­ аудан­дық­ мәслихатының төраға­сы­ Еркебұлан Зағыпаров.

Мәселе көтеріле сала, «Қаз­­АвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚО филиа­лы­ның басшысы­ ар­найы Зайсанға шық­қан. Бара сала мәселемен танысып,­ жүр­гі­зіліп жатқан шала­­ғайлықты қал­пына келтіру керек­ті­гін айтып, нұсқау берген.

– Жобалық шешімдерге сәйкес дефор­мациялық тігіс­тер­ге компен­са­тор орнатылады, цементті бетон қос­пасымен құйылады, содан кейін диаметрі 60 мм гернит сымы салы­нып, резеңке-битумды масти­камен тол­тырылады. Үстіне қалың­дығы 100 мм болат бет салынып, қиыршық тас-мастикалық қоспасы салынады. 2022-2023 жыл­дары қысқы кезеңде негізгі жол мен көпірдің үстінен көлік­тің жүруін қамтамасыз ету мақ­са­­тында, тігістерге бөгде заттар мен шөгінділер түспеуі үшін, пено­плекс төсеу туралы уақыт­ша­ шешім қабылданған, – деп түсін­­­дір­­ді филиал басшысы Олжас Ахметов.

Жалпы, «Қалбатау – Май­­­қап­ша­ғай» автомобиль­ жолы­ның 1235-1289 шақы­рым­дарын қайта жаңарту учаскесінде 6 көпір бар. Қазіргі уақытта пеноплекс­тер алынып, деформациялық тігістерді жобаға сәйкес орын­дау бойынша жұмыстар жүр­гі­зіліп жатыр. Сондай-ақ жол жамылғысын төсегеннен кейін жобаға сәйкес қор­шау­лар да қайта орнатылады. Бұл мәсе­ле­лерді қалыпқа келтіру үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚО филиалы басшылары, мамандары назарда ұстаймыз десті.

 

Шығыс Қазақстан облысы