Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 444 – 449 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Kurs.kz дерегі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444 – 448 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 445,5 – 449 теңге аралығында құбылып тұр.
Кеше кешкі уақыттағы сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа құны 1,59 теңгеге төмендеп, 446,60 теңгені құрады.
Ұлттық банктің 5 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 446,79 теңге, Ресей рублі үшін – 4,99 теңге.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 4,97 – 5,23 теңге аралығында, Астанада 4,96 - 5,06 теңге аралығында ұсынылып жатыр.