• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Шілде, 2023

6 шілдеден бастап елдегі ХҚКО-лар жұмысын тоқтатады

1430 рет
көрсетілді

6 - 9 шілде аралығында ел бойынша барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«7 және 8 шілдеде Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ақпараттық жүйелерінде көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтері бойынша жүргізілетін техникалық жұмыстарға байланысты Қазақстанның мамандандырылған ХҚКО-ларының жұмысы тоқтайды. Бірақ кезекші ХҚКО-лар осы күндері қызмет алушыларды қабылдайтын болады», делінген «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы жариялаған хабарламада.

Сонымен қатар 6 және 9 шілде күндері ел бойынша барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді.

Ал 10 шілдеден бастап мамандандырылған ХҚКО-лар штаттық режимде, яғни 9:00-ден 18:00-ге дейін және кезекші ХҚКО-лар 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.