• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 05 Шілде, 2023

Доллар арзандады

417 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,76 теңгеге төмендеп, 443,784 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 61,32 теңгені (-0,46) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 486,91 теңге, рубльді 4,99 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 445-448,5 теңге, еуро 483,5-488 теңге, ресей рублі 4,95-5,19 теңге аралығында сатылып жатыр.

Бұл ретте мұнайдың әлемдік бағасы аукционда әртүрлі бағытта өзгерді.

Осылайша ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы қыркүйектегі фьючерстерінің құны 1,17%-ға арзандап, барреліне 75,36 долларды құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері барреліне 0,90%-ға өсіп, 70,42 долларды құрады.