3 шілдеде Ұлан ауданының Асубұлақ орман шаруашылығында шамамен 20 гектар алаңда тауларда тұтанған өрт 6 шілдеде сағат 15:10-да оқшауланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл аймақтағы отпен күресте авиация баға жетпес көмек көрсетті.
«Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшақтары, Қорғаныс министрлігінің МИ-171 және ШҚО әуе бөлімшелерінің МИ-8 ұшақтары ауадан өртті сөндірді, барлығы 125 рет су ағызылды.