• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Ауа райы 07 Шілде, 2023

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

591 рет
көрсетілді

Синоптиктер 8-10 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері елдің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, соған байланысты жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Қатты жаңбыр 8 шілдеде солтүстік-шығыста және шығыста, 8-9 шілдеде республиканың оңтүстік-шығысында жауады.

Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады, осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. 9-10 шілдеде солтүстік-батыста, 10 шілдеде Қазақстанның орталығында 43 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі.