Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған кезекті тұрғын үй кешені ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жылдар бойы құрылысы тоқтап тұрған нысанды аяқтадық. «Тұран Сығанақ» тұрғын үй кешенінің құрылысы сонау 2014 жылы басталған. Үлескерлер 9 жылдан кейін барып баспанасының кілтін алды. Нысан қабылданған кезде кейбір блоктарының құрылысы тіпті басталмаған да еді. Үлкен жүйелі жұмыс жүргізілді. Елорда күні қарсаңында 330-дан астам үлескер отбасының проблемасын шештік! Мұнда «Тұран Сығанақ» тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан бөлек құрылысы ұзаққа созылған өзге де нысандардың үлескерлері баспаналы болды», деп жазды елорда әкімі.Биыл құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешені аяқталады. Осылайша, 4 мыңға жуық үлескер-отбасының проблемасын шешіледі.