• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Шілде, 2023

«Обал-ай!» Үстін кене басқан жылқының видеосы қызу талқыланып жатыр

8030 рет
көрсетілді

Журналист Дәурен Сейітжанұлы фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында үстін кене басқан жылқының видеосын жариялап, өзекті мәселе көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Шиеліде жайылымда жүрген жылқы (видеода – ред.). Үстінде кене қаптап тұр. Адамды да аяп жатқан жоқ. 2 шілдеде Шиеліде кене шаққан бір адам қайтыс болды. Былтыр да осындай қайғылы жағдай болған» дейді жазба иесі.

Оның айтуынша, жылда қайталанатын жағдайдан құзырлы мекемелер сабақ алмай келеді. «Улайтын мекемелерде жауапкершілік жоқ. Мемлекеттік сатып алуда олар көрсеткен техникалар, препараттар түгел ме, жоқ па, дәрілерді суға жеткілікті деңгейде қосқан-қоспағанын ешкім білмейді. Жауапты басқарма, департаменттер, аудан әкімдігі бақылауды қағаз жүзінде жасайды.Зиянкестерді улау жұмысы ақсап тұр. Мойындау керек. Жүйе жоқ. Алгоритм дұрыс емес. Ашықтық туралы айтпай-ақ қояйық» дейді ол.

Дәурен Сейітжанұлы тиісті мекемелердің салғырттығын сынға алады. Оның айтуынша, журналистің бірнеше күн бұрын жазған жазбасындағы сұрақтарға құзырлы мекеме атүсті жауап берген. «Креолин - Х препараты қанша тонна? Оған қанша жұмсалды? Құпия күйінде қалды. Неге? Ал уақыт озған сайын мал-жанның мазасы қашып жатыр», деп ойын аяқтады ол.