• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Шілде, 2023

Күкірт қышқылын тиеп келе жатқан жүк көлігі аударылды

225 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында 23 тонна күкірт қышқылын тиеп келе жатқан жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 7 шілдеде Күршім ауданындағы Ақбұлақ пен Егіндібұлақ ауылдарының арасында болған.

«23 тонна күкірт қышқылы тиелген жүк көлігі аударылып қалды. Жол апаты салдарынан 20 тоннаға жуық күкірт қышқылы төгілген. Қазіргі уақытта арнайы техниканың көмегімен апаттық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құқықтық баға мен кінәлілердің жауапкершілігі заңға сәйкес белгіленеді»,  делінген ақпаратта.

Оқиға орнында аудан әкімі мен уәкілетті орган өкілдерінен тұратын комиссия да жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар