ҚР ТЖМ Павлодар қаласы көшелерін басқан жаңбыр суын сору жұмыстары аяқталғанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қала көшелерінен су сору жұмыстары сағат 13:50-де аяқталды.
Таңертеңгі сағат 8-ден бастап түрлі қызметтер қала көшелерінен 3000 текше метрден астам су сорып, сыртқа шығарды.
Қарқынды жұмыстарға азаматтық қорғау органдарының, Павлодар облысы ТЖД-ның қызметкерлері мен техниктері, сондай-ақ мотопомпалар мен өрт сөндірушілердің сорғы станциялары тартылды.
7 шілдеде жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Павлодар қаласында ашық аумақты: адамдар көп жүретін орындарды, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы мен көшелерді су басты.