• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Шілде, 2023

Даниал Рахматуллаев Тегерандағы турнирдің чемпионы атанды

274 рет
көрсетілді

Қазақстандық Даниал Рахматуллаев Иран астанасы Тегеранда 18 жасқа дейінгілер арасында мәресіне жеткен ITF Juniors J100 TEHRAN турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Ақтау теннис мектебінің түлегі, 16 жастағы Даниал Рахматуллаев (284 ITF Juniors) финалда корт иесі Амирали Гаваманы 6:0, 6:1 есебімен ұтты.

Бір қызығы, Даниал барлық қарсыластарын 6:0, 6:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бұл Рахматуллаевтың Ирандағы екінші титулы. Бұдан бір апта бұрын осындай жарыста жеңімпаз атанған еді.

Тағы бір қазақстандық Жақас Қозыбақ жұптық сында үздік шықты. Ол ресейлік Дмитрий Буртцевпен бірге тартысты өткен соңғы бәсекеде қазақстандық Заңғар Нұрланұлы – ирандық Криш Тиаджиді 7:6 (7:3), 3:6, 10:8 есебімен жеңген еді.