Қазақстан синоптиктері 11 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің болжамына қарағанда, жел күшейеді, елдің батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +35+37°С.
Алматыда күн ашық. Желдің екпіні 0-5 м/с болады. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +30+32°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +37+39°С.