• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Шілде, 2023

Үндістандағы табиғи апаттан 22 адам көз жұмды

386 рет
көрсетілді

Үндістанда толассыз нөсер жаңбыр жауып, су тасқыны жүрді. Табиғи апат салдарынан 22 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz  сілтеме жасап. 

Qazaqstan ұлттық арнасы хабарлағандай, көшелер өзенге айналып, ел астанасы Нью-Делиде мектептер уақытша жабылды. Билік жергілікті тұрғындарға мейілінше үйде отыру қажеттігін ескертті.

Химачал-Прадеш штатының басым бөлігінде жауын-шашынның 1 айлық мөлшері түскен.

Айта кетсек, өткен айда Үндістанда жаңбырлы маусым басталды. Мұндай ауа райы қыркүйекке дейін жалғасады.