• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Шілде, 2023

Төтенше жағдайлар вице-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді

261 рет
көрсетілді

Абай облысында болған алапат өрттен кейін Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Көлдіков отставкаға кетуге өтініш берді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Марат Көлдіков өз еркімен отставкаға кету туралы өтініш жазды.

«Қазіргі уақытта оны жұмыстан босату рәсімі жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

11 маусымда Президент Абай облысындағы өртке қарсы жедел штаб отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіковтың баяндамасын үзіп, оған сөгіс жариялаған еді.

«14 адам қайтыс болғанын түсінесіз бе?! Мен олардың жақындарымен кездестім. Бір отбасыда екі жасар бала жетім қалды. Қаза тапқан адамдар үйдің жалғыз асыраушылары еді, артынан несиелері қалды», деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.