• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Теннис 11 Шілде, 2023

Юлия Путинцева Швециядағы жарысты жеңіспен бастады

214 рет
көрсетілді

Қазақстанның екінші, әлемнің 56-ракеткасы Юлия Путинцева Швецияның Бастад қаласында челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 524-орында тұрған швециялық Лиза Заармен өткізді.

Ю.Путинцева бұл матчта 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 125-ракеткасы, америкалық Кэти Волынецпен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакина мен Анна Данилина Уимблдон ширек финалына жолдама алған еді.