Атырау соты INFINITY TRAVEL M туристік агенттігінің директорын алаяқтық үшін бес жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ақ Жайықтың» хабарлауынша, турагенттік директоры 30 миллион теңгені жымқырған. Енді ол ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (Екі немесе одан көп адамарға қарсы алаяқтық) бойынша жауап беруі керек. Сондай-ақ сот оны жәбірленушілерге ақшаны қайтаруды міндеттеді.
Айта кетейік, өткен жазда Атыраудың жиырмадан астам тұрғыны осы туристік агенттіктен шетелде демалуға жолдама сатып алған. Бірақ олардың сапары өтпей, 42 жастағы агенттік басшысы із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған еді.2022 жылдың 26 тамызында алаяққа алданған 23 клиент қалалық ішкі істер бөліміне ұжымдық арыз жазған.