5 шілдеде Павлодар қаласы сотының үкімімен «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы басшысының орынбасары пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сотталған адамға үш жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
«Ол филиалдың автошаруашылығы аумағында автомобиль боксының шатырын жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін мердігер ұйым өкілінен 2 млн теңге сомасында пара алды», делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.