• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Шілде, 2023

Мәжіліс депутаттары Ұлытау облысындағы құс фермасының құрылысымен танысты

269 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаттары Ерболат Сатыбалдин мен Аманжол Әлтай Ұлытау облысының Жезқазған қаласына қарасты Кеңгір кентінде орналасқан құс фабрикасының құрылыс жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ахтямов» шаруа қожалығы - «AMANAT»  партиясының Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасындағы нысандардың бірі.

Сондықтан оның сапалы әрі өз уақытында аяқталуын партия өз бақылауында ұстап отыр. Фабрика құс еті, жұмыртқа және құрама жем өндірумен айналысады. Сонымен қатар Сәтбаев қаласында сою цехы бар.

«Болашақта бұл өндіріс ошағы 30 адамды жұмыспен қамтиды деп жоспарлануда. Фабриканың қуаттылығы жылына 1000 тонна ет өнімін және 25 млн жұмыртқа шығарады», деді шаруашылық иесі Ринат Ахтямов.

Құс фабрикасы неміс технологиясымен жұмыс істейді. Бұл жұмыс процессін толық автоматтандыруға мүмкіндік берді. Соған орай, балапандар 42 күн бапталып, кейін өсіп, жетілгеннен кейін союға жіберіледі. Фабриканың құс етін өндейтін цехы шамамен тамыз айында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Ал жұмыртқа шығаратын бөлігі күз айларында өз жұмысын бастайды.

Өңірге арнайы барған Мәжіліс депутаттары фабриканың жұмысымен толық танысып шықты.

Облыста құс өнімдерін тұтынуы 3500 тонна болса, бұл фабрика соның 30 пайызын өтейді. Бұл жергілікті өнім өндіріп, нарыққа шығару үшін үлкен мүмкіндік береді.

«Біз партияның сайлауалды бағдарламасы аясында қолға алынған құрылыс нысандарын осылай аралап, олардың уақытылы пайдалануға беруілуін бақылаймыз»,  деді Ерболат Сатыбалдин.

Өз кезегінде Аманжол Әлтай тауық етінің импортын азайтып, ішкі нарықта отандық өнімді көбейту керектігіне назар аударды.

«Сонда тұтынушы сапалы өніммен қамтылып, өндірушінің де ісі алға басады», деді депутат.